Считалки на казахском языке

Печать

Бірім - бір,
Екім - екі. 
Үшім - үш, 
Төртім- төрт, 
Бесім -бес, 
Алтым - алты, 
Жетім - жеті 
Сегізім -сегіз, 
Тоғызым - тоғыз, 
Оным -он, 
Он бірім - 
Оны тапшы ай, күнім? 
Бір деген - белеу, 
Екі дегенің - егеу, 
Үш дегенің - үскі, 
Төрт дегенің - төсек, 
Бес дегенің - бесік, 
Алты дегенің - асық, 
Жеті дегенің - желке, 
Сегіз дегенің - серке, 
Тоғыз дегенің - торқа, 
Он дегенің - оймақ 
Он бір - қара жұмбақ.

Бір, екі.

Жердің беті.

Сары шымшық,

Тез ұшып шық!

Тап-таза тұнық суда
Балық жүзіп ойнауда. 
Біресе керіледі, 
Біресе жиырылады. 
Ал енді бірде құмға тығылады.

Қуыр-қуыр-қуырмаш,

Балапанға бидай шаш,

Тауықтарға тары шаш.

Апан келсе есік аш.

Қасқыр келсе, мықтап бас

Мына жерде аю бар,

Мына жерде қасқыр бар,

Мына жерде қоян бар,

Мына жерде түлкі бар,

Ал мына жерде күлкі бар

Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, сылдыр шүмек, кішкентай бөбек.

Пальцам давались довольно интересные имена, причем довольно метко.

Большой палец - бас бармақ (дословно - главный палец)

Указательный палец - балаң үйрек (незрелый утенок)

Средний палец - ортан терек (тополь посередине)

Безымянный палец - сылдыр шүмек (журчащий шумек (трубка, приделанная к люльке - бесік, делается из тонкой трубчатой кости барана, через которую уходит моча грудного ребенка))

Мизинец - кішкентай бөбек (маленькое дитя).